АСТАНА. KAZINFORM – Қос партия біріккеннен кейін атауы қандай болатыны жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров пікір білдірді.
Оның сөзінше, 14 маусым күні «Әділет» партиясының съезі өтіп, онда «AMANAT» мүшелері де қатысады.
– Партияның атауы қандай болатынын «Әділет» партиясының алдағы съезі шешеді. Бүгінгі съездің шешімінде «AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылады деп жазылған. Сондықтан «Әділет» партиясы болып тіркелуі ықтимал, – деді депутат «AMANAT» партиясының кезекті XXVI Съезінен кейін журналистерге сұхбат бере отырып.
Айта кетейік, бұған дейін «AMANAT» «Әділет» партиясына қосылатынын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.