АСТАНА. KAZINFORM - «Әділет» партиясының Саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы AMANAT партиясының мүшелеріне «Әділет» қатарына қосылу мүмкіндігі ұсынылатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, партияға мүшелікке қабылдау әр азаматтың жеке таңдауы негізінде жүзеге асырылады.
— Біз барлық мүмкіндікті пайдаланып, AMANAT партиясының мүшелеріне «Әділет» партиясының қатарына қосылу туралы ұсыныс жасаймыз. Бірақ бұл ұсынысты қабылдау немесе қабылдамау — әр адамның жеке шешімі, — деді Рауан Кенжеханұлы.
Сондай-ақ ол қазіргі уақытта партияға мүшелікке өту рәсімі жеңілдетілгенін атап өтті. Азаматтар цифрлық платформалар арқылы онлайн өтініш бере алады.
Рауан Кенжеханұлының сөзінше, партия қатарына қабылдау бойынша өтініштерді қабылдау жұмыстары басталып кеткен.
Айта кетелік «Әділет» партиясы өңірлік жұмысты күшейтпек.
Назерке Сүйіндік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ұлыбританиядағы Sussex университетінде магистр дәрежесін алған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің саясаттану мамандығы бойынша PhD докторанты. Бұған дейін BAQ.kz, Strategy2050.kz, QazaqTimes.kz секілді ақпараттық платформаларда жұмыс істеген. Қазір «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі. Халықаралық саясат, дипломатия, медиа, ақпараттық саясат және қоғамдық-саяси мәселелерді тұрақты түрде жазып келеді.