Америка тұрғыны бір сәтте 6000 сіріңкені тұтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та әуесқой экспериментші тік тұрған 6000 мың сіріңкені біріктіріп, оларды шетінен тұтатып жіберді. 45 секундтан кейін от алауы сіріңкелердің барлық қатарларына тарап кетті.

Қызығы, отты «бәліштің» жануы басқа сіріңкелерге қарағанда ұзағырақ болды. От тек 15 минуттан соң ғана өшті.