Әйелдер арасында Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік деп танылды.
ESPN телеканалы қазақстандық теннисшінің Australian Open және US Open турнирлеріндегі жеңісін ерекше атап өтті.
Өткен жылы WTA қорытынды турнирінде чемпион атанған Е.Рыбакина биылғы Аустралия ашық чемпионатында алдына жан салмады. Финалда Беларусь өкілі Арина Соболенкодан 2023 жылғы кеткен есені қайтарып, 6:4, 4:6, 6:4 есебімен басым түсті.
ESPN сайтында жазылғанындай, US Open қарсаңында Рыбакина жарақатына байланысты турнирге дұрыс дайындала алмады. Соған қарамастан, барлық матчтарын сәтті өткізіп, соңғы бәсекеде А.Соболенконы тағы да қапы қалдырды.
АҚШ ашық чемпионатынан кейін әлемдік рейтингіде көш бастаған Е.Рыбакина денсаулығына байланысты WTA қорытынды жарысынан тыс қалды. Дегенмен 2027 жылы қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирлерінің қай-қайсысында да чемпиондықтан басты үміткерлердің бірі болып қала бермек.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ATP қорытынды турнирінде үздік шыққан Карлос Алькарастың ерекше нәтижеге қол жеткізгенін жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакина биыл тапқан табысы жөнінде әйелдер арасында көш бастады.