ATP қорытынды турнирінде үздік шыққан Карлос Алькарас ерекше нәтижеге қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Турин қаласында ерлер арасында теннистен ATP қорытынды турнирі мәресіне жетті.
Жекелей сында әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас финалда рейтингіде көш бастап келе жатқан германиялық Александр Зверевті 6:2, 7:6 (9:7) есебімен ұтты.
Спорттық жолында жылдың қорытынды турнирінде алғаш рет чемпион болған испаниялық спортшы кездесулерінің бәрін жеңіспен аяқтады. Сөйтіп ол 5,171 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.
К.Алькарас теннис тарихында барлық «Үлкен дулыға» турнирлері мен жылдың қорытынды чемпионатында үздік шыққан төртінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұндай нәтижеге америкалық Андре Агасси, швейцариялық Роджер Федерер және сербиялық Новак Джокович қана жеткен еді.
Испаниялық спортшы биылғы маусымда Australian Open, Париж мастерс және Доха, Токио, Вена АТР 500 турнирлерінде бас жүлдені жеңіп алды.
Туринде жұптық сында франциялықтар Тео Аррибаже — Альбано Оливеттидің бағы жанды. Олар соңғы бәсекеде сальвадорлық Марсело Аревало — хорватиялық Мате Павичті қапы қалдырды — 3:6, 7:6 (7:2), 10:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Чилидегі жарыста топ жарғанын жазған едік.
Сондай-ақ Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды.
Жібек Құламбаева Аргентиналық жарыста негізгі кезеңге жолдама алды.