Америкалық автомобильмен ұзындыққа секіруден рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық автошабондоз Брайс Мензис жарыс пикабында 115,64 метр қашықтықты секіріп, әлемдік рекорд орнатты.

Секіру Нью-Мексико штатындағы қараусыз қалған қалада жасалды. Жетістік Гинесс рекордтар кітабына енгізілді.

Бұрынғы  рекорд 2011 жылы «Индианаполистің 500 милі»  жарысы қарсаңында 101,2 метр секірген  америкалық Таннер  Фостқа тиесілі болған.     

2014 жылы оның жетістігін  француз Герлен Шишери басып озуға тырысқан, алайда оның әрекеті апатпен аяқталған еді.