Америкалық он минуттың ішінде 72 ход-дог жеп, рекорд жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Джоуи Честнат (Joey Chestnut)  хот-дог жеуден өткен чемпионатта  жаңа рекорд орнатты.

Небәрі он минуттың ішінде ол 72 шұжық араласқан тоқаш жеген. АҚШ-тың тәуелсіздік күніне орай дәстүр бойынша 4 шілдеде өткен бәсеке туралы видео YouTube -тегі Conservative Outlook арнасында жарияланды.

Бұл 33 жастағы азаматтың оныншы жеңісі. Өткен жылы осы жарыста Честнат 70 хот-дог жеп, суырылып алға шыққан еді.

Ал, әйелдер арасында 20 жастағы Мики Судоның (Miki Sudo) мерейі үстем болды. 41 ход-догты қылғытқан бойжеткен төртінші рет жеңімпаз атанды. Өткен жылы ол екі тоқаш аз жеген еді.

Жеңімпаздарға 10 мың доллардан тапсырылды.