Америкалық өзіне акуланың шабуыл жасағанын видеоға түсіріп алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Паркер Симпсон   Флоридада су астында балық аулау кезінде өзіне  акуланың шабуылдаған сәтін видеоға түсіріп алған.

Роликтен Паркердің бір қолына  ірі балық ұстап, су түбіне үңіліп қарағаны, жанында Джастин деген досының бірге жүзіп жүргені анық көрінеді.   

  Бір кезде кадрда кенеттен акула пайда болады, бастапқыда Паркер оны байқамай қалады. Акула оған қарай жүзіп келіп, аяғынан тістеп алды. 

Балықшының айтуынша, акула  қолындағы балықты тартып алғысы келген сияқты. Бірінші шабуылдан кейін жыртқыш қайта оралған жоқ.