Америкалық «селфи таяқшаның» соңына түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Buddy Bolton атты пайдаланушының ролигі көп қаралуда. Видеода селфи таяқшаға шабуыл жасау сәті көрсетілген, оны үлкен бақша қайшысымен бөліп тастайды.

Суретке түсіп жатқан Нью-Йорк тұрғындары мен қонақтары осы әрекеттің құрбаны болуда. Видео авторының айтуынша, «селфи таяқша» адамдардың қоғамдық өмірге араласуын азайтатын көрінеді, ол осылайша мәселені шешіп жүрмін деп мәлімдеді.

Алайда ол видеодағы адамдардың барлығы таяқшасының қирап қалуына көңілдері тола бермейтінін мойындайды. Сонда да, Buddy Bolton осы әрекетін Американың басқа да қалаларында жалғастырмақ ойы бар.