АСТАНА. ҚазАқпарат – Америкалық журналист, CBS қызметкері және «Бекхэм тәжірибесі» кітабының авторы Грант Валь Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Нидерланд пен Аргентина матчы кезінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы оның бауыры әлеуметтік желіде мәлімдеді. Журналистің қайтыс болғанын АҚШ футбол федерациясы да растап, көңіл айтты.
Марқұмның бауыры Гранттың денсаулығы жақсы болғандығын, сондықтан оның өз өлімімен қайтқанына сенбейтінін жеткізді.
ТАСС агенттігінің мәліметіне қарағанда, Грант Валь Аргентина – Нидерланд матчында футбол шолушысы болған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бразилияның бас бапкері орнын босатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы оныншы голын соқты.
Нидерланд құрамасын жолдан тайдырған Аргентина жартылай финалға шықты.
Фото: ASSOCIATED PRESS/ Jorge Saenz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).