Оны Кариссаның сүйікті «Салқын жүрек» дисней мультфильмі стилінде, көгілдір түспен бояп, қар ұшқындарымен бейнелеген.
Кариссаның туа бітті білегі мен алақаны дұрыс дамымаған. Төрт жасында киген протез өте ыңғайсыз, ауыр, киіп-шешу қиын болған екен.
Қыздың анасы бес жасар ұлға «Темір адам» мультфильмі стиліндегі протез жасаған Сиенна колледжінің талантты студенттері туралы естіп, оларға Кариссаның фотосын жіберген. Студенттер дереу көмек қолын созуға бел буған.
Протез дайындау жұмыстары Сиенна колледжінің физика бойынша зертханасында жүргізілген. «Қолды» 30 кесек арнайы жеңілдетілген пластиктен жасаған.
Қазір Карисса жасанды дене мүшесіне бейімделіп келеді.