НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының белсенділері шағын елді мекендерде де үгіт-насихат жұмысын жүргізуде.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы Шалқар және Қызылорда облысындағы Сексеуіл кентіндегі жұмыс барысында кандидаттың сайлауалды платформасы нақтырақ талқыланып, ауылдық штабтар оның ұстанымын жеткізді. Одан бөлек, штаб мүшелері кандидат жөнінде халыққа баяндап берді, ал сайлаушылар өз қолдауын білдірді.
Бақытжан Серікұлы
Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінде 2012 жылдан бері қызмет етеді. Қазақ редакциясының шығарушы редакторы, шеф-редакторы болды. Қазір Қазақ редакциясындағы аналитика бөлімін басқарады.