Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің жартылай финалына өтті

Фото: ҚТФ

ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты.

АТР рейтингісінде 1115-орындағы Ә.Омарханов ширек финалда әлемнің 847-ракеткасы, испаниялық, 23 жастағы Хорхе Планспен бетпе-бет келді

Екі сетте де 6:4, 6:4 есебі тіркеліп, Әмірдің пайдасына шешілді. 

Әмір Омарханов финалға шығу үшін әлемнің 776-ракеткасы, германиялық, 18 жастағы Мика Петковичпен таласады.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF M15 жарысының ширек финалында тартысты матчта әлемнің 979-ракеткасы, нидерландылық Брайн Боземожуға есе жіберді – 6:7 (2:7), 1:6. 

Дегенмен Заңғар осы додада ересектер арасында екі кездесуін жеңіспен аяқтап, АТР рейтингісінде алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 18 жастағы Әмір Омархановтың Тунистегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.