Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың жартылай финалына өтті

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 798-ракеткасы, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 1016-орында тұрған франциялық, 21 жастағы Луис Ларуға қарсы келді.

Бірінші партияда 6:3 есебі тіркелді. 

Әмір екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ — 6:2.

Әмір Омарханов финалға шығу үшін әлемнің 737-ракеткасы, франциялық Николя Тепмакпен таласады. Ол ширек финалда рейтингіде 836-сатыдағы испаниялық Хорхе Планстан айласын асырды — 6:2, 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисші Әмір Омархановтың Тунистегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Александр Бублик тұсауын кескен балақай теннис добын таңдады.