Амстердамда жаңа жыл түні XIX ғасырдағы шіркеу өртеніп кетті

Кадр из видео Euronews

АСТАНА. KAZINFORM — Амстердамда жаңа жыл түні XIX ғасырда салынған Вондела шіркеуі өртенді. Өрттің ресми себебі әзірге айтылған жоқ, алайда оның отшашу салдарынан шығуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды, деп хабарлайды DW.

Өрт 1 қаңтарға қараған түні түн ортасынан кейін тұтанып, салдарынан шіркеу ғимараты толықтай қираған.

Еске салсақ, Нидерланд парламенті отшашулар мен мерекелік жарылғыш заттарға тыйым салды.

Бұған дейін Германияның батысындағы Бохум қаласында болған жарылысқа заңсыз петардалар себеп болуы мүмкін екені хабарланған еді. Жаңа жыл түні Германияда ондаған полиция қызметкері пиротехникадан жарақат алған.

Айта кетелік Швейцариядағы курортта өрт болып, бірнеше адам көз жұмған еді.

Сонымен қатар Түркістан облысында пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан екі бала жарақаттанған еді