АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта анасы мен баласына оқ атқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта оқ жарақатын алған екі адам оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары басталды. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-тармағы, 99-бабы 2-тармағы және 1, 6-тармақшалары бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта барлық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеуге байланысты құпия сақталады», - деді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 30 қазан күні түнде анасы мен баласына біреулер оқ атқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.