Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында өнер көрсетті.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалда Руденко қашықтықты 1 минут 3,33 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.

Бұл сында Қытай өкілі Се Ичэнь (1:01.03) топ жарды. Жапониялық Иори Миядзаки (1:01.30) күміс жүлдеге ие болса, Литва спортшысы Домас Вилимас (1:01.75) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Анатолий Руденко 200 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен финалда да алтыншы орын алған еді.

Еске салайық, бұған дейін Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шыққанын жазғанбыз.