Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты
Фото: ҰОК

Отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден ел намысын қорғады.

Іріктеуде ол қашықтықты 1:04.12 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орын алды. Ал финалға сегізінші орынмен шықты.

Айта кетейік, финал бүгін, 3 қарашада өтеді.

Бұған дейін Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден алтыншы орын алғанын жазғанбыз.