Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады.
Отандасымыз 200 метрге брасс әдісімен жүзуден ақтық сында 2:20.75 уақыт нәтижесін тіркеп, алтыншы орынға тұрақтады.
Жапониялық Иори Миядзаки 2:12.33 уақыт көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алды.
Домас Вилимас (Литва) 2:13.50 нәтижесімен екінші орын алды. Ал өзбекстандық Мухаммадисмаил Рахмонов 2:15.79 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.
Еске салайық, бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.