Жасөспірімдер Олимпиадасында ел туын ұстап шыққан Фатима Сұпығалиева топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер Олимпиадасында ел туын көтеріп шыққан Фатима Сұпығалиева топ жарды
Фото: ҚР ҰОК

Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.

Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды.

Осылайша Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Еске салайық, мұның алдында Сенегалдың Дакар қаласында өтетін IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек ұстап шығатынын жазған едік.