АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Андрей Шутовпен келісім-шартқа қол қойды. Келісім-шарт 2027 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.
Қақпашы «Барыс» жүйесінде төрт жылдан астам уақыт өткізді. Өткен маусымда ол Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында барлығы 2000 минут мұзайдынға шықты.
Андрей Шутов 1998 жылы 4 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында 39 ойын өткізді. Сондай-ақ ол биыл Чехияда өткен әлем чемпионатында 6 матчта мұзайдынға шықты.
Биыл Словвкияның «Слован»командасына ауысып, онда 15 ойын өткізіп қайтты.
«Слован» Словакияның тоғыз дүркін чемпионы атанған. Ұлттық чемпионатта соңғы рет 2021-2022 жылғы маусымда жеңіс тұғырына көтерілген.
Еске салсақ, бұдан бұрын қатарынан екі жеңістен кейін «Барыс» командасы «Куньлунь Ред Старға» есе жіберді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.