Отандасымыз 1 сағат 31 минут 19 секунд нәтижемен мәре сызығын жетінші болып кесті.
Ресей спортшысы Ангелина Новолодская жеңімпазы атанды. Аустралиялық Элси Аппс екінші орын алса, чехиялық Линда Ситкова қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, алғашқы 20 спортшы мәре сызығын бірдей уақытта кесті. Сондықтан қорытынды орындар спортшылардың мәреге келу ретіне қарай анықталды.
Еске салайық, Дакардағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 18 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда қоржынымызда екі медаль бар. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын жүлде иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медаль жеңіп алған еді.