Ұлыбританияның басты орталық банкі негізгі мөлшерлемені 3,75% деңгейінде сақтап қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбританияның басты орталық банкі инфляцияның жеделдеуі және энергия тасымалдаушылар бағасының өсуі аясында негізгі мөлшерлемені 3,75% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайдыEuronews.

Фото: Англия банкі

Ақша-несие саясаты комитетінің мүшелері бұл шешімді алты дауыспен үшке қарсы қолдады. Комитеттің үш мүшесі мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа көтеріп, 4%-ға дейін жеткізуді қолдады.

Ұлыбританиядағы инфляция 3,1%-ға дейін өсіп, соңғы бес айдағы ең жоғары деңгейге жетті. Ұлыбританияның басты орталық банкі алдағы тоқсандарда Иранмен қақтығыс аясында мұнай мен мұнай өнімдері қымбаттауына байланысты бағалардың өсуі жалғасуы мүмкін деп отыр.

Шілде айынан бері Brent маркалы мұнайдың бағасы 36%-ға, ал Ұлыбританиядағы газдың көтерме бағасы 78%-ға өсті.

Сонымен қатар реттеуші әзірге энергия тасымалдаушылар бағасының өсуі жалақы мен басқа да тауарлар мен қызметтер бағасына айтарлықтай әсер етіп отырғанын байқамайды. Алайда Ұлыбританияның басты орталық банкі инфляциялық тәуекелдердің жоғары деңгейде қалып отырғанын ескертті.

Британдық реттеушінің бұл шешімі басқа ірі орталық банктердің әрекетінен ерекшеленеді. Осы аптада АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі мөлшерлемені 3,75–4%-ға дейін көтерді, ал Еуропалық орталық банк бұған дейін депозиттік мөлшерлемені 2,5%-ға дейін арттырған.

Бұған дейін Өзбекстан Орталық банкі негізгі мөлшерлемені өзгертпеу туралы шешім қабылдағаны хабарланған болатын.