АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия және Иран құрамаларының кездесуі футболдан әлем чемпионаты тарихында ең ұзаққа созылған ойын ретінде ерекшеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында бразилиялық төреші Рафаэл Клаус бірінші кезеңге - 14, екінші кезеңге - 10 минут қосымша уақыт қосты.
Нәтижесінде төрешінің соңғы ысқырығы ойын басталғаннан кейін арада 117 минут 16 секунд өткенде естілді.
Осылайша ол әлем чемпионаты тарихындағы ең ұзаққа созылған ойын ретінде ерекшеленді.
Еске салсақ, аталған кездесуде Англия құрамасы Ираннан 6:2 есебімен басым түсті.
Бұдан бұрын мұндай жағдай 1994 жылғы әлем чемпионатында тіркелген еді.
Сол жылы Оңтүстік Корея және Боливия кездесуі 104-минутта аяқталды.
Фото: AP Images
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.