Анкарада несие алу ісі бойынша 51 адам қамауға алынды

Фото: Anadolu ajansı

АСТАНА. KAZINFORM — Анкара прокуратурасы заңсыз несие беруге қарсы ауқымды операция жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Анкара прокуратурасы жанындағы контрабандалық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бюросы жүргізген тергеу барысында  бір топ адамның өсімпұлмен, оның ішінде POS-терминалдар арқылы айналысқаны анықталды.

Түркия ішкі істер министрлігі қаржылық қылмыстармен күрес басқармасы бірқатар операция жүргізіп, нәтижесінде 51 адам ұсталды.

Іздеуде жүрген қалған бес күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Еске салайық, Антальяда полиция кейпіне енген қаскөйлер 4 млн долларлық криптоактивті ұрлады.