Анкара прокуратурасы жанындағы контрабандалық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бюросы жүргізген тергеу барысында бір топ адамның өсімпұлмен, оның ішінде POS-терминалдар арқылы айналысқаны анықталды.
Түркия ішкі істер министрлігі қаржылық қылмыстармен күрес басқармасы бірқатар операция жүргізіп, нәтижесінде 51 адам ұсталды.
Іздеуде жүрген қалған бес күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
Еске салайық, Антальяда полиция кейпіне енген қаскөйлер 4 млн долларлық криптоактивті ұрлады.