Анкарада Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтіп, келіссөз басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды.

Фото: Ақорда

Екі елдің көшбасшылары Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары басталды.  Айта кетейік, Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алған болатын.

Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысатыны хабарланған еді.