Анна Черкашина жеңіл атлетикадан Қазақстан рекордын жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM – Орегонда (АҚШ) 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды.

Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

Әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық Анна Черкашина сырықпен секіруден іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Отандасымыз 4,10 метр нәтижемен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша ол U20 жас санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға үздік 13 спортшы өтті. Шешуші жарыс 8 тамызда өтеді.

«Астана» велошабандозы «Польша турында» жүлдегер атанғанын жазған едік.