Алайда чехиялық-бразилиялық жұп матчқа шықпай қалды да, Данилина — Крунич ойнамастан жартылай финалға жолдама алды.
Анна Данилина — Александра Крунич финалға шығу үшін доданың 2-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова — қытайлық Чжан Шуай немесе мажарстандық Тимя Бабош — канадалық Лейла Фернандес жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 105-орындағы Юлия Путинцева жекелей сында екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, америкалық Эмма Наварроға есе жіберді — 1:6, 4:6. Сөйтіп ол ширек финалдан тыс қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Аустралиядағы жарыстың екінші айналымына шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Шевченко Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты.