АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Чарльстон (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – қытайлық Чжан Шуай бастапқы кездесуін бразилиялық Ингрид Гамарра-Мартинс – белоруссиялық Лидия Морозовамен өткізді.
Қазақстандық-қытайлық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Қарсылас дуэт 2 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алған жоқ.
А.Данилина – Ч.Шуай жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Далайна Хьюитт – Мария Матеаспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Париж олимпиадасына Қазақстаннан қай теннисшілер қатыса алатынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).