Анна Данилина Доха турнирінің жартылай финалында ойнайды

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина ширек финалда аустралиялықтар Сторм Хантер - Майя Джойнтқа қарсы келді.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 6:2 есебімен басымдылық көрсетті.

Екінші сет аустралиялықтардың еншісінде кетті - 6:4.

Супер тай-брейкте Анна мен Александра қарсыластарын қапы қалдырды - 10:4.

Бір сағат 27 минутқа созылған бәсекеде Данилина - Крунич 1 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ. Хантер - Джойнт 1 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина - Александра Крунич финалға шығу үшін доданың 5-ракеткалары, канадалық Габриэла Дабровски - бразилиялық Луиза Стефанимен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Доха турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Роттердам турнирінде Александр Бублик азулы қарсыласынан айласын асырды.

Елена Рыбакина Қатардағы турнирде Олимпиада чемпионын ұтты.