Анна Данилина қатарынан екінші турнирде финалға шықты

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды.

А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге осы жарыста төртінші, ал олардың жартылай финалдағы қарсыластары, канадалық Габриэла Дабровски - бразилиялық Луиза Стефани бесінші ракетка болып тіркелген еді.

Қазақстандық-сербиялық жұп бірінші партияда қос брейк жасай алды – 6:3.

Екінші сет 6:4 есебімен аяқталды.

Бір сағат 20 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ. Дабровски – Стефани 2 эйс, 3 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, А.Данилина – А.Крунич екінші турнир қатарынан финалға шықты. Бұған дейін олар Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен еді.

Анна Данилина – Александра Круничтің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Доха турнирінің жартылай финалында ойнайтынын жазған едік.

Елена Рыбакинаның жеңіс сериясы Доха турнирінде тоқтады.

Александр Бублик алғаш рет Роттердам турнирінің ширек финалына шықты.

Александр Шевченко Франциядағы жарыста екі кездесуін сәтті өткізді.