АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Париж челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші ресейлік Вера Звонаревамен бірге жартылай финалда оңтүстіккореялық Чан Су Джон - қытайлық Чжаосюань Янмен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте кореялық-қытайлық дуэт қарымта қайырды - 6:4.
Супер тай-брейкте Анна мен Вера жеңісті жұлып алды - 10:7.
А.Данилина мен В.Звонарева финалда жарыстың 1-ракеткалары, украиналық Надежда Киченок - америкалық Алисия Паркс немесе ұлыбританиялық Оливия Николлс - Польша өкілі Алисия Росольска жастарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Италияда Турин турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).