НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA 250 жарысының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнирдің 4-ракеткалары А.Данилина мен германиялық Анна-Лена Фридзам ширек финалда румыниялықтар Александра Игнатик – Габриэла Лимен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-германиялық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Фридзам 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Румыниялықтар 1 эйс, 1 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.
Қазақстандық-германиялық жұптың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Варшава турнирінің ширек финалына шыққанын , Қазақстанда қыркүйекте бірнеше халықаралық турнир өтетінін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).