Анна Данилина Варшава турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге бастапқы кездесуін нидерландылық Арианне Хартоно – аустралиялық Оливия Тьяндрамулиямен өткізді.

Қазақстандық-германиялық жұп бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте нидерландылық-аустралиялық дуэт есе қайырды – 6:1.

Супер тай-брейкте Данилина мен Фридзам жеңісті жұлып алды – 10:6.

Бір сағат 17 минутқа созылған матч барысында қазақстандық-германиялық жұп 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 4 брейкпен көзге түсті.

Данилина мен Фридзам жартылай финалға шығу үшін румыниялықтар Александра Игнатик – Габриэла Лимен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына кімдер баратыны анықталғанын , Уимблдон чемпионы Елена Рыбакинаның УЕФА штаб-пәтерінде болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар