«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында ол негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, электр станцияларының уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді талап етті.
Аңсар Айдаров «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін «Энергия Семиречья» ЖШС бас директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ Жобалық кеңсесінің басшысы және инвестициялар жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған.
Инвестициялық жобалардың баяулауына байланысты Қайрат Мақсұтов қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.
Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысының не себепті қызметтен кеткенін айтты.