Ансбахтағы жарылыс салдарынан жапа шеккендердің саны 12-ге жетті, үшеуі ауыр жарақаттанған (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы Ансбах қаласындағы жарылыс салдарынан жапа шеккендердің саны 12-ге жетті, олардың үшеуі ауыр жарақат алды, деп хабарлады жергілікті полиция өкілі.

Осыған дейін 11 адам жапа шеккені туралы хабарланды, деп жазды РИА Новости.

ГФР Бавария федеральды жеріндегі Ансбах қаласында дүйсенбіге қараған түні жарылыс орын алды. Жергілікті биліктің айтуынша, оған жарылғыш заты себеп болған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, 11 жапа шекті. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, жарылысты сол жерде мерт болған адам ұйымдастырған.