Бұл өңірдің әлеуметтік маңызы бар объектілер: Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы 300 және 250 орындық екі мектеп құрылысы, Арал ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Қазалы ауданындағы 600 орындық «Мәдениет үйі».
Айта кету керек, бұл нысандар 2020-2021 жылдары пайдалануға берілуі тиіс болатын, алайда мердігердің жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамауына байланысты олар кешіктіріліп созбалаңға салынған.
Аталған объектілердің әрқайсысы жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды саналады.
Мысалы, Жаңақорған ауданы Майбекет кентіндегі мектептің ұзақ салынуына байланысты 300-ден астам оқушы, 5-6 км қашықтықта орналасқан көрші ауыл мектебінде оқуға мәжбүр болған. Бұл мектеп әр түрлі себептермен 4 жыл бойы аяқталмаған, мердігерлер ауысып, сот даулары және қайта сатып алу процедуралары жүргізілген.
Қазір балалар өз кентінде білім алып жатыр.
Бүгінгі таңда барлық нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, олар пайдалануға берілді.