«Выход к морю» Телеграмм-арнасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың ұлы Нұрлан Шабдардың атында Болгариядағы қымбат вилла бар екенін жазған болатын.
«Ол жарияланған материалды біз де көрдік. Ол мәселемен тиісті бөлімшеміз айналысып жатыр. Бірден айтқым келеді, егер мүлік декларацияда көрсетілген болса, тиісті жолмен тіркелген болса заң талаптарына бағыну керектігін түсінуіміз қажет. Біреу бизнеспен айналысты, біреу басқа дегендей. Меншік құқығын құрметтеуіміз керек. Бұл мәселені зерттейміз», - деді агенттік өкілі.
«Вилланың кімге тиесілі екенін анықтадыңыздар ма?», - деген сұраққа Ұлан Сарқұлов нақты жауап бермеді.
«Қазір біз кім кімнің қайда жұмыс істейтініне, кім екеніне қарамастан құқықтық баға береміз», - деді ол.