Антикордың атын жамылған қоңыраудан сақ болыңыз

АСТАНА. KAZINFORM - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі алаяқтықтың жаңа бір тәсілі туралы ескертеді.

Фото: polisia.kz

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т. б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді», - делінген хабарламада. 

Антикор жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады. 

Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.