БАЛҚАШ. KAZINFORM – Балқашта сумен жабдықтау жүйесінің магистральдық құбыры жарылды. Осыған байланысты аудандарда ауыз су беру тоқтатылды. Бұл туралы «Вечерняя Караганда» басылымы жазды.
Шаһардың сумен жабдықтау жүйесінің магистральдық құбырында үлкен апат болып, салдарынан судың қысымы азайтылған. Магистральдық құбырдың шытынап кетуіне байланысты суды тоқтатуға мәжбүр болған. Төтенше жағдай Желтоқсан мен Ағыбай батыр көшілерінің қиылысында болған. Қаланың мыңдаған тұрғындары сусыз қалып отыр.
Мөлтек аудандарға арнайы көліктермен су жеткізіле бастаған.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)