— Ахмадабадтан 13:38–де көтерілген Boeing 787-8 ұшағының бортында 242 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Олардың 169-ы Үндістан азаматы, 53-і Ұлыбритания азаматы, біреуі Канада азаматы және жетеуі Португалия азаматы болды, деп хабарлады Air India X әлеуметтік медиа платформасында.
Мәлімдемеге сәйкес, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр.
Айта кетейік, Лондонға бет алған ұшақ Мегани ауданында апатқа ұшырап, оқиға орнында үлкен қара түтін пайда болды.
Бұған дейін апатқа ұшыраған Air India ұшағы дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлағанын хабарлаған едік.