Апатқа ұшыраған AZAL ұшағының «қара жәшіктері» зерттеліп, Қазақстанға жөнелтілді

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын (қара жәшіктер) зерттеуді аяқтады.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агентігі мәлім етті. 

Атап айтқанда, осы жайында бразилиялық G1 порталына аталған ведомстводан хабарлаған. 

— Ұшақтағы өздігінен жазғыш екі құралдағы деректерді жинақтау және тексеру жұмыстары аяқталды, — делінген таратылған ақпаратта. 

Сонымен бірге, O Globo газеті ведомствоның Қазақстан билігіне тиісті ақпаратты жіберіп қойғанын жазып отыр.

Еске салсақ, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болған жандардың арасында 6 Қазақстан азаматы болған.

Бұған дейін Ақтау түбіндегі ұшақ апатының себептері қашан нақты айтылатыны белгілі болған еді.

30 желтоқсанда Қазақстан борттағы өздігінен жазғыш құралдарды Бразилияға жібергенін жаздық.

Осыған дейін «қара жәшіктің» Бразилияға неліктен жіберілетіндігі туралы сарапшылардың пікірін берген едік.

Сондай-ақ, «қара жәшікті» оқуға неше күн кететіні туралы авиация инженерінің жауабын жарияладық.

Бұдан бөлек, Ақтау түбінде құлаған әзербайжандық ұшақтың эксклюзивті суреттері жарияланды.