9to5Mac сайтының мәліметінше, жаңа функция смартфон иесінің қолынан жұлып әкетілетін, ал құрылғы бұғатталмай ашық күйде қалатын көше ұрлығы оқиғаларының көбеюіне байланысты қолданушыларды қорғауға бағытталған.
Жүйе бірден бірнеше параметрді талдайды. Ықтимал ұрлықты анықтау үшін iPhone акселерометр мен қозғалысты бақылайтын басқа да кіріктірілген датчиктерді пайдалана алады. Егер алгоритм құрылғының қолдан жұлынып алынғанын анықтаса, смартфон автоматты түрде бұғатталады.
Сонымен қатар, Apple әзірлеп жатқан қауіпсіздік функциясы жұптастырылған Apple Watch құрылғысымен арақашықтықты да ескереді. Егер iPhone иесінен кенет алысқа кетсе, бұл да қорғаныс жүйесін іске қосуға себеп болуы мүмкін.
iPhone-ды ұрлықтан қорғайтын жаңа жүйе басқа да факторларды талдай алады: таныс Wi-Fi желілеріне қосылу, құрылғының орналасқан жері — мысалы, пайдаланушының үйі немесе жұмысы. Егер смартфон бейтаныс жерде болып, бір мезетте бірнеше ұрлық белгілері байқалса, iPhone деректерге қолжетімділікті шектеп, құрылғыны автоматты түрде бұғаттайды.
Қайта қол жеткізу үшін иесіне құпиясөз енгізу қажет болады.
Аpple қазірдің өзінде Find My, Activation Lock және Stolen Device Protection сияқты қауіпсіздік құралдарын қолданады. Жаңа функция смартфон әлі бұғатталмай тұрған сәттегі қорғанысты күшейтуге арналған.
Бұған дейін Apple-дің алғашқы жиналмалы смартфоны қашан қолданысқа шығатыны хабарланған болатын.