Апта аяғында доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

Фото: pixabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,44 теңгеге арзандап, 504,60 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 512,81 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,31 теңгеден сатып алынады, 506,65 теңгеден сатылады. Еуро 591,53 – 598,81 теңге, ал рубль 6,40 – 6,54 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,16 теңгеден сатып алынады, 75,01 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 499,78 теңгеден сатып алынады, 506,78 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 585,43 теңге, сату - 595,43 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,37 теңге, сату - 6,52 теңге.

– юань: сатып алу - 72,60 теңге, сату - 77,13 теңге.

Еске салайық, 25 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,34 теңгеге қымбаттап, 512,81 теңге болды.