Апта аяғында доллар тағы арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар арзандады.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,08 теңгеге түсіп, 461,26 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 463,41 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 460,00 теңгеден сатып алынады, 467,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 538,00 теңге, сату - 548,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,95 теңге, сату - 6,25 теңге.

- юань: сатып алу - 66,85 теңге, сату - 72,83 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,85 теңгеден сатып алынады, 463,97 теңгеден сатылады. Еуро 541,85 – 547,16 теңге, ал рубль 6,01 – 6,14 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,69 теңгеден сатып алынады, 70,29 теңгеден сатылады.

Еске салайық, бұған дейін доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге түсіп, 463,41 теңге болды.