Бірнеше күн қымбаттаған доллар қайта арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Доллар в Иране достиг исторического максимума
Фото: Анадолу

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге түсіп, 463,41 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 465,01 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 460,00 теңгеден сатып алынады, 467,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 538,00 теңге, сату - 547,97 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,94 теңге, сату - 6,25 теңге.
- юань: сатып алу - 66,83 теңге, сату - 72,84 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 463,38 теңгеден сатып алынады, 465,53 теңгеден сатылады. Еуро 542,14 – 547,26 теңге, ал рубль 5,98 – 6,10 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,44 теңгеден сатып алынады, 70,04 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 5 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,41 теңгеге өсіп, 465,01 теңге болды.