Апта басында доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 486,95 теңгеден сатып алынады, 495,70 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 557,00 теңге, сату — 567,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,00 теңге, сату — 6,30 теңге;
— юань 72,33 теңгеден сатып алынады, 76,09 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 490,19 теңге, сату — 492,68 теңге;
— еуро: сатып алу — 560,58 теңге, сату — 566,22 теңге;
— рубль 6,08 — 6,23 теңге аралығында саудаланады.
— юань 72,00 — 74,66 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы небәрі 0,02 теңгеге арзандап, 491,29 теңге болды.