Апта ішінде 3277 қылмыс ізі суымай ашылды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Апта ішінде 5819 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 3277 қылмыстың беті  ашылды.

Бұрын жасалған 816, оның ішінде өткен жылдардағы 28 қылмыс ашылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталаған мерзімде іздеу жарияланған 162 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 14 бірлік қару-жарақ тәркіленді. 47 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 14 сату фактісі. 73 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 230 грамы - героин.   

Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Іс-шара нәтижесінде 2435 қылмыс тіркелді, оның ішіндегі 283 қылмыстық қоғамдық орындарда, 76-сі көшелерде жасалған, 104 есірткі қылмысы анықталды, 48 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Заңсыз сақталған 173 бірлік қару тәркіленді. 10,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Қазақстан Республикасына келіп-кету ережесін бұзғаны үшін 1358 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 60-ы - алыс шетел азаматы және 1298 ТМД азаматтары.