Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Ресми өкілдің айтуынша, бұрын жасалған 714 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 115 қылмыс ашылған. Іздеу жарияланған 108 қылмыскер ұсталып, 5 дана қару тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 68 қылмыс анықталды, оның ішінде 35-і - сату фактісі. 48,5 келіден аса есірткі заты, оның ішінде 11 келі героин тәркіленді.